• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №81

262 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 28 шілде,3 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №36 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына койылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №36 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9218 тіркелген, 2014 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 4 қыркүйектегі №172 (27793) «Казахстанская правда», 2014 жылғы 4 қыркүйектегі №172 (28395) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ.Хаиров) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді; 2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы А.РАУ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы ________________ Қ.ҚОЖАМЖАРОВ 2015 жылғы 26 тамыз